# Күйеуі әйелін

читать 1 мин.
0 26

Күйеуі әйелін өзіне де, басқаларға да пайдасы тиетін білім иесі ете алады немесе дінге ешқандай қызығушылығы жоқ надан ете алады. Ері әйелін түнін құлшылықпен өткізетін тақуаға айналдыра алады немесе күні бойы теледидардан бас алмай онымен қоса ұйқыбас әйелге де айналдыра алады. Отағасы әйелін ең нәзік, ең биязы отанасы ете алады немесе оны қатыгез әрі парықсыз дел-сал әйел ете алады. Күйеуі жан-жарын үнемі күліп жүретіндей ете алады немесе әрдайым көзінің жасы кеппейтін әйел ете алады. Ері зайыбын сабырлы әрі ұстамды ете алады немесе ашушаң, ызақор ете алады. Күйеуі әйелін әрдайым қуантып жүре алады немесе шамбайына тиіп ренжіте де алады. Күйеуінің кесірінен әйелі «өлуге шақ қалуы» мүмкін немесе күйеуінің арқасында «аяққа тұруы» мүмкін. Ері жұбайын ең бақытты әрі ең бақытсыз ете алады. Азаматы әйелін ең игі әйелге айналдыра алады немесе әрқашан өміріне шағымданғыш пәс әйелге айналдыра алады. Әке-шеше қыздың өмірі мен ахуалына дәл күйеуіндей әсер ете алмайды. Әйелдің қандай болатыны ер азаматтың қолында.

Прочитать полностью